Прагада ғылым және лазерлік технологиялар саласындағы серіктестікті дамыту талқыланды

Прагада ғылым және лазерлік технологиялар саласындағы серіктестікті дамыту талқыланды

Прага, 2024 жылғы 29 қараша – Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев ғылыми-техникалық және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау мақсатында «Extreme Light Infrastructure (ELI) – Beamlines» халықаралық лазерлік зерттеулер орталығының басшылығымен кездесті.

Б.Дүйсенбаев чех ғалымдарына бірлескен жұмысты бастауға мүдделі екенін хабарлап, ынтымақтастық идеясы 2024 жылдың 21 қазанында Астанада Қазақстан Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу мен Чехия Сыртқы істер министрі Я.Липавскийдің кездесуінде қалыптасқанын еске салды.

«ELI-Beamlines» атқарушы директоры Флориан Гликсон берілген ақпаратқа алғыс айтып, өзара тиімді шарттар негізінде ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдірді. Ол лазерлік орталықтың негізгі жарғылық миссиясы ретінде «ELI» нысандарын ғылыми қоғамдастықтың игілігіне бірыңғай халықаралық ұйым ретінде бірыңғай басқарумен және менеджментпен қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Кездесу соңында жұмыс байланыстарын қолдау және өзара мүдделі перспективалы жобаларды іске асырудың практикалық аспектілерін одан әрі зерттеу мақсатында Қазақстанның мемлекеттік органдарымен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен келіссөздер жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Extreme Light Infrastructure (ELI) – әлемдегі ең ірі әрі ең заманауи қуатты лазерлік инфрақұрылым, сондай-ақ қуатты, жоғары қарқынды және қысқа импульсті лазерлік жүйелер саласындағы технологиялар мен инновациялар бойынша әлемдік көшбасшы. 2021 жылдың 30 сәуірінде ELI Еуропалық Комиссиядан Еуропалық зерттеу инфрақұрылымы консорциумының (ERIC) құқықтық мәртебесін алды.