Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі Прагада табысты өнер көрсетті

Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі Прагада табысты өнер көрсетті

Прага, 2024 жылғы 31 қазан – Еуропаның ең көне мәдени орталықтарының бірі, Прагадағы Рудольфинум концерт залында Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің концерті өтті. Республика күніне орай ұйымдастырылған концертке көрнекті скрипкашы, Қазақстанның халық әртісі, көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты, «ЮНЕСКО-ның бейбітшілік үшін әртісі» құрметті атағының иегері Айман Мұсақожаева қатысты.

Германияның танымал дирижері Гудни Эмильсон сүйемелдеген оркестр көрермендерге әлемдік классиканың шедеврлерін: Л. ван Бетховеннің «Кориолан» увертюрасын, П.Масканьидің «Cavalleria Rusticana» операсынан интермеццо, Ф.Мендельсонның «ми-минордағы скрипка мен оркестрге арналған концертін, ор. 64» ұсынды. Еуропалық көрермендерді Қазақстанның өзіндік музыкалық мәдениетімен таныстырған белгілі қазақ композиторы Тілес Қажығалиевтің шығармалары бағдарламаның жарқын элементіне айналды.

Концертке италиялық пианистер Марко Скьяво, Серджо Маркеджани және Рафаэле Д'Анджело, сондай-ақ талантты опера әншісі Мария Джулия Милано секілді әлемдік деңгейдегі жұлдыздар қатысты.

Көрермендер А.Мұсақожаеваның өнерін үлкен қошеметпен қабылдап, оны сахнадан жібергісі келмей, үш рет биске шақырды.

Қонақтар алдында сөз сөйлеген Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев, елдер арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтудағы «мәдени дипломатияның» рөлін атап өтті. «Музыка – шекараларды жойып, жүректерді біріктіретін әмбебап тіл», – деп атап өтті қазақ дипломаты.

Іс-шараға Чехияның мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарының, дипломатиялық корпус, іскер топтардың өкілдері, сондай-ақ студенттер мен қазақ диаспорасы қатысты.

Концерт Прага тұрғындары мен қонақтарының зор қызығушылығын тудырып, оларға ұмытылмас әсер сыйлады және Қазақстан мен Чехия арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі нығайта түсті.