Чех кәсіпкерлері өз бизнестерін Қазақстанда дамытуға мүдделі

Чех кәсіпкерлері өз бизнестерін Қазақстанда дамытуға мүдделі

Қазақстанның Чех Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев қазақстандық бизнеспен ынтымақтастыққа мүдделі чех компанияларының басшыларымен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында қазақстандық дипломат қатысушыларды Қазақстанның қолайлы инвестициялық ахуалы, бизнесті жүргізу үшін елдің артықшылықтары мен сауда-экономикалық мүмкіндіктері туралы хабардар етті. Іс-шара қонақтары шетелдік инвесторларға арналған преференциялар, сондай-ақ «Kazakh Invest» АҚ шетелдік инвесторларды қолдау жөніндегі қызметі туралы хабардар етілді. Елші кәсіпкерлерді Қазақстанға келуге және перспективалы «тауашаларды» зерттеуге шақырды.

Сонымен қатар, чех кәсіпкерлері Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстелдің (KGIR - 2024) жұмысына қатысуға шақырылды.

Кездесу соңында бизнесмендер қазақстандық серіктестерді іздеу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін елімізге келуге қызығушылық білдірді.