
Прага, 2024 жылғы 28 қыркүйек – Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев Прага хайуанаттар бағының ашылғанына 93 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Мерекелік шараға Прага қаласының мэрі Богуслав Свобода, Прага хайуанаттар бағының директоры Мирослав Бобек, дипломатиялық корпус өкілдері мен мәдениет және спорт саласындағы танымал қоғам қайраткерлері қатысты.
Биылғы мереке Прага хайуанаттар бағында 1959 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан Пржевальский жылқысының халықаралық асыл тұқымды кітабының 65 жылдығына арналды.
Елші өз сөзінде хайуанаттар бағының сирек кездесетін түрлерді, атап айтқанда Пржевальский жылқысын сақтаудағы мыңызды рөліне тоқталды. Осы бірегей түрді қалпына келтіру бағдарламасы аясында 2024 жылдың маусым айында жеті жылқыдан тұратын алғышқы топ Қазақстанға сәтті көшірілді.
Б.Дүйсенбаев, чех тарапына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, "Жоба экожүйелерді қалпына келтіріп қана қоймай, жаһандық маңызы бар биоалуантүрлілікті сақтайды", — деп атап өтті.
Сондай-ақ, қазақ дипломаты Прага хайуанаттар бағының мерейтойы Қазақстан мен Чехия арасындағы достық пен ынтымақтастық символы екеніне баса мән берді. Ол екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға сенім білдірді.