
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 Жарлығына сәйкес 6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.
Чехия аумағында дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар ҚР азаматтары ҚР Прага қаласындағы Елшілігі жанында құрылған № 405 учаскелік комиссиясына (мекенжайы: Pod hradbami 662/9, 160 00 Praha 6-Střešovice) жүгіне алады.
Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізіледі.
Сайлау процесін уақтылы және толықтай дайындау мақсатында ҚР азаматтарын сайлаушылар тізіміне енгізу үшін алдын ала тіркелуін сұраймыз: https://forms.gle/qxTa9dFeyrZTJ4sy6
Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының веб-сайтынан табуға болады: www.election.gov.kz
Сұрақтар бойынша +420 233 375 643 телефон нөмірі немесе kazconsulprague@gmail.com электрондық пошта бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.