Чехияда білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды

Чехияда білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды

2024 жылғы 13 тамыз, Прага қ. - Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев Чех Республикасының Білім, жастар және спорт вице-министрі Вацлав Велчовскиймен кездесті.

Әңгіме аясында тараптар Қазақстан мен Чехия арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, қазақстандық жастардың Чехия жоғары оқу орындарында жоғары білім алуға деген үлкен қызығушылығы атап өтілді. Қазіргі уақытта Қазақстаннан 3000-нан астам студент Чехияда білім алуда. Осылайша, қазақстандықтар Чехия университеттерінде оқитын шетелдік студенттердің жалпы саны бойынша үшінші орында. Екі елдің жоғары оқу орындары арасында 60-тан астам ынтымақтастық туралы келісімдер мен меморандумдар жасалды. Қазақстандық университеттердің Erasmus + бағдарламасына және академиялық ұтқырлықтың басқа да еуропалық жобаларына қатысуы атап өтілді. Осы тұрғыда Чех тарапы жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықтың ағымдағы динамикасына қанағаттанғандығын білдірді. 

Өз кезегінде Б.Дүйсенбаев әңгімелесушіні ҚР Үкіметінің елдегі білім деңгейін арттыру, сондай-ақ Қазақстанда өңірлік білім беру хабын құру жөніндегі өзекті саясатымен таныстырды. Ол Республикамыздың көлік-логистикалық әлеуеті, Орталық Азия елдері нарықтарының жақындығы, адами ресурстардың қолжетімділігі және шетелдік инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау тұрғысынан тартымдылығын атап өтті. Чех тарапы Қазақстанда өз филиалдарын ашу үшін шетелдік университеттерді тарту жөніндегі жобалардың ағымдағы жай-күйі туралы хабарланды. Осы тұрғыда қазақстандық дипломат Чехия жоғары оқу орындарын елімізде өз өкілдіктерін ашу перспективаларын қарастыруға шақырды. "Болашақ" бағдарламасы аясында шетелдік жетекші университеттерде студенттерді оқыту бойынша қазақстандық тәжірибесі В.Велчовскийдің қызығушылығын тудырды.

Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты сапалы дамыту мақсатында тиісті құқықтық базаны құру қажеттілігін атап өтіп, осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға келісті.