Қазақстандық реформалардың маңыздылығын Чехия Сенатында атап өтті

Қазақстандық реформалардың маңыздылығын Чехия Сенатында атап өтті

2024 жылғы 17 қаңтар, Прага – Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев Чех Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Милош Выстрчилмен кездесті.

Әңгіме барысында Қазақстан мен Чехия парламенттерінің жоғарғы палаталары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту перспективалары, сондай-ақ халықаралық және ішкі саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Б.Дүйсенбаев сұхбаттасушыны Қазақстанда болып жатқан саяси және экономикалық реформалардың барысы туралы хабардар етті. Атап айтқанда, ҚР Конституциясы мен сайлау заңнамасына негізгі өзгерістер, сондай-ақ елдегі экономикалық өзгерістерге бағытталған шаралар атап өтілді. Чехия Сенатының басшысы Қазақстанның Еуропалық Одақпен ынтымақтастығы мен Орталық Азия – ЕО форматындағы өзара іс-қимылдың даму барысымен танысты.

М.Выстрчил өз кезегінде Қазақстанның өңірлік әрі әлемдік ауқымда атқаратын маңызды рөлін атап өтті. Осы тұрғыда ол Қазақстанда болып жатқан саяси реформалардың үлкен маңызы бар екенін, әрі Чехиямен және ЕО-мен ынтымақтастықтың серпінді дамуына ықпал ететінін атап өтті.

Әңгіме соңында тараптар парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі жандандыру үшін күш салуға келісті.