
2024 жылғы 15 қаңтар, Прага қ. – Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев Чехия Парламенті Депутаттары палатасының спикері Маркета Пекарова-Адамовамен кездесті.
Кездесу барысында парламентаралық өзара іс-қимылды, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ халықаралық және ішкі саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Б.Дүйсенбаев спикерді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалардың барысымен таныстырды. Атап айтқанда, Чехия тарапына ҚР Конституциясына, сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер, сондай-ақ елдің экономикалық әлеуетін одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы ақпарат берілді.
Б.Дүйсенбаев Қазақстан мен Чехия арасындағы парламентаралық өзара іс-қимылдың дәстүрлі жоғары деңгейін атап өтіп, екі ел парламенттері басшылығының өзара сапарлары тәжірибесін жалғастырудың маңыздылығына назар аударды.
Өз кезегінде, М.Пекарова-Адамова Чехияның Қазақстанмен қарым-қатынастарды дамытуға маңызды мән беретінін атап өтті. Спикер парламентаралық достық топтарының жұмысына жоғары баға беріп, түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға қызығушылық білдірді.