
Прага, 2023 жылғы 8 желтоқсан - Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев Чехия жаратылыстану ғылымдары университетінің ректоры Петр Скленичкамен кездесті. Әңгімелесу барысында тараптар екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және оның одан әрі даму перспективаларын талқылады.
П.Скленичка университеттің негізгі бағыты ауылшаруашылық пәндеріне, соның ішінде өсімдік шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, мал шаруашылығы, орман шаруашылығы, ауыл шаруашылығы экономикасы, қоршаған ортаны қорғау және басқа да салаларға бағытталғанын хабарлады. ЧЖҒУ-ның қазақстандық университеттермен өзара іс-қимыл жасауда жақсы тәжірибесі бар. Бүгінгі таңда Университет Қазақстаннан 8 ЖОО-мен меморандумдар жасасты, олардың негізгі серіктестері С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті және Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті болып табылады. Университеттер бірнеше бірлескен ғылыми жобаларды сәтті жүзеге асырды. Сонымен қатар, ЧЖҒУ-да 1000-нан астам қазақстандық студент оқиды.
Б.Дүйсенбаев сұхбаттасушыны Қазақстандағы өзекті экономикалық өзгерістермен таныстырды. Атап айтқанда, ол жоғары білім, ғылым және зерттеу мәселелеріне мемлекет тарапынан бөлінетін маңызды мәнге тоқталды. Елімізге жетекші шетелдік жоғары оқу орындарын тартуға қызығушылық білдіріп, Қазақстанда ЧЖҒУ-ның филиалының ашылу перспективаларын қарастыруды ұсынды. Ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылай отырып, Ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылай отырып, Елші Қазақстан үшін заманауи ауыл шаруашылығын, қайта өңдеу өнеркәсібін, су менеджментін дамытудың өзектілігін және осы салалардағы Чех тәжірибесіне қызығушылығын атап өтті.
Тараптар жоғары оқу орындары бағыты бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.