Қазақстан Елшісі Чехияның Сыртқы істер министрімен кездесті

Қазақстан Елшісі Чехияның Сыртқы істер министрімен кездесті

2023 жылғы 4 желтоқсан, Прага қ. – Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскиймен кездесті. Әңгімелесу барысында тараптар Астана мен Прага арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды әрі қарай дамыту перспективаларын талқылады.

2023 жылды қорытындылай келе дипломаттар өзара тиімді ынтымақтастыққа қосымша серпін берген бірқатар сәтті іс-шараларды, оның ішінде, ЧР Премьер-Министрі П.Фиала мен ЧР Ауыл шаруашылығы министрі М.Выборныйдың Қазақстанға сапарларын, ҚР Көлік министрі М.Қарабаевтың Чехиядағы Автомобиль жолдарының дүниежүзілік конгресіне қатысуын, сондай-ақ, ү.ж. 30 қарашада Прагада ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Нұрбаева мен ЧР Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары П.Тржешняктың қатысуымен өткен қазақстан-чех бизнес-форумын атап өтті.

Сұхбаттасушылар тауар айналымының даму динамикасына қанағаттанушылық білдіре отырып, елдердің сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты табысты ілгерілету үшін елеулі пайдаланылмаған әлеуеті бар деген пікірге келді. Б.Дюсенбаев чех дипломатиясының басшысын Республикада болып жатқан экономикалық өзгерістермен таныстырып, Қазақстанның жаңа технологияларды тартуға және елдегі чех компанияларының өндірісін локализациялауға мүдделі екенін атап өтті.

Тараптар сондай-ақ Орталық Азия – Еуропалық Одақ форматындағы өзара іс-қимыл тетігінің маңыздылығы мен тиімділігін атап өтті. Осы тұрғыда көлік және логистика саласындағы перспективалық жобалар белгіленді. Б.Дүйсенбаев Қазақстан Чехияның Орталық Азия өңірінде жолсерігі ретінде әрекет етуге дайын екенін білдірді. Өз кезегінде, Я.Липавский Чехия Қазақстанға Еуропалық Одақ шеңберінде барлық көмек көрсетуге дайын екендігіне сендірді.