
Астана, 2023 жылғы 11 қазан - Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXI отырысы өтеді.
Хатшылық отырысы аясында VIІ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қорытындылары бойынша пікір алмасу, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің 2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын талқылау жоспарлануда.
Съездің ХХІ Хатшылығының жұмысына Мысыр, Әзербайжан, Пәкістан, Иран, Израиль, Қытай, Моңғолия, Жапония, Үндістан және т.б. елдерден ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, синтоизм өкілдері қатысады деп күтілеуде.