
2023 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бақыт Дүйсенбаевтың ЧР Сауда палатасының Төрағасы З. Зайчкпен кездесуі өтті
Тараптар өзара саудадағы оң үрдістерді атап өтті, ресми статистикаға сәйкес, бірінші жартыжылдықта өсім 275,0 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 85,8% - ға жоғары.
Зайчек мырза Палатаның ағымдағы басымдығы Чехия экономикасы үшін инфрақұрылым, көлік, энергетика, құрылыс және осы секторлар үшін, оның ішінде Қазақстаннан білікті жұмыс күшін тарту сияқты стратегиялық маңызды салаларды қолдау болып табылатынын атап өтті.
Қазақстан елшісі, әсіресе, премьер-министр П.Фиала мырзаның ресми сапарынан кейін қарым-қатынастардың жанданғанын атап өтті. Қазіргі уақытта жоғары деңгейдегі бірқатар кездесулер пысықталуда.
Сондай-ақ, чех тарапына ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Үкіметінің басымдықтары туралы хабарланды. Осыған байланысты чехиялық технологиялар мен машина жасауға, Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге, энергетикаға және креативті экономика саласына инвестициялар тарту бойынша жақсы перспективалар бар.
Кездесуде тараптар жақын арада бизнесті қолдау үшін қабылдауға дайын шаралар, оның ішінде Прагада бизнес-форум өткізу, сондай-ақ болашақта нақты нәтижелерге әкелетін өзара іс-қимылдың жаңа форматтары қаралды.