
Прага, 26 қыркүйек 2023 ж. - Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бақыт Дүйсенбаев Чех Республикасының Парламенті Депутаттары палатасының мүшесі, Чехия-Қазақстан парламентаралық достық тобының төрағасы Радек Вондрачекпен кездесті. Әңгіме барысында парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасылды. Әңгімелесуші 2019 жылы өткен ЧР Парламенті Депутаттары палатасының төрағасы ретінде Қазақстанға сапары туралы жылы лебізін білдірді. Өз кезегінде Елші Б.Дүйсенбаев ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Тараптар екі мемлекеттің парламенттері арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.