Қазақстан Сауда Палатасының Төрағасы А. Еренов бастаған қазақстандық кәсіпкерлер Прагада өтіп жатқан «For Gastro and Hotel» көрмесіне қатысуда

Қазақстан Сауда Палатасының Төрағасы А. Еренов бастаған қазақстандық кәсіпкерлер Прагада өтіп жатқан «For Gastro and Hotel» көрмесіне қатысуда

Қазақстанның экспорттық өнімдерін Чех нарығына жылжыту мақсатында ағымдағы жылдың 10-13 қазан аралығында Қазақстанның Cыртқы Cауда Палатасының төрағасы А. Еренов бастаған қазақстандық кәсіпкерлер Прагада PVA EXPO PRAGUE көрме Летняны орталығында өткізілетін "For Gastro & Hotel" Чех көрмесіне қатысуда.

 

Көрме «FOR INTERIOR» параллельді іс-шараларымен қатар өткізіледі, онда өндірушілер, сатушылар, сәулетшілер мен дизайнерлер интерьер элементтері мен әшекейлерді ұсынады. 

Көрмеде әлеуетті серіктестерді іздеу мақсатында 7 компания Қазақстанның экспорттық өнімдерін ұсынды, мысалы: ЖШС «Turgen-ekoprodukt» (қонақ үйлер үшін арналған бал және джем өндірістері), ЖШС «Лепсинск Өнімі» (ара шаруашылығы), ЖШС «ДЕП» (сүт өндірісі), ЖШС «SONA lab» (HoReCa компаниясына арналған кәсіби жуғыш заттарды шығару), ЖШС «Прогресс» тігін фабрикасы», ЖШС « АГФ Групп » (мамандандырылған тігін фабрикасы), АҚ « Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты » (машина жасау, мұнай жабдықтары).