
2020 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 27 жылдығын атап өтеміз.
Өткен ширек ғасыр аралығында барлық салалардағы ынтымақтастық сенім мен үздіксіз даму деңгейінде және екіжақты өзара іс-қимыл ауқымында өтті. Сенімді саяси диалог орнатылды, өзара сауда көлемі бірнеше есе ұлғайды, қарым-қатынастардың шарттық-құқықтық базасы кеңейтілді, мәдени-гуманитарлық және білім берумен алмасу өсіп келеді.