
Ү.ж. 30 қаңтарда Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшісі Марат Тәжин Чех Республикасының Президенті Милош Земанға сенім грамоталарын табыстады.
Кездесу барысында Милош Земан екі жақты саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың даму болашақтарын атап өтті.
Чех Республикасы Президентінің айтуынша Қазақстан Чехия үшін Орталық Азияда және ТМД елдердің ішіндегі басымды елдің бірі болып табылады.
Өз кезегінде Қазақстан Елшісі Марат Тәжин чех тарапына Қазақстанның халықаралық бастамаларын, экономикалық, саяси және гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы мәселелерде қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.