
Ағымдағы жылдың 11 наурызы Прагада Қазақстан Республикасы Елшілігінің қызметкерлері Чарльз университетінің ректоры Томаш Зимамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Чехия жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ ғылыми және білім беру саласында және студенттер мен оқытушылар арасында өзара алмасуды ұйымдастыру туралы пікір алмасты.
Қазақстандық дипломаттар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту жоспарлары туралы, сондай-ақ қазақстан-чех ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Өз кезегінде Т.Зима Университет қызметі туралы, сонымен қатар елдегі бас университетінің ағымдағы жобалары туралы ақпарат берді. Осы тұрғыда тараптар Меморандумдар жасау арқылы, бірлескен іс-шаралар өткізіп, Университет пен Қазақстан Елшілігі арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті.
Кездесу соңында қазақстандық дипломаттар университет кітапханасына Абай Құнанбаевтың чех тіліне аударылған кітаптарын сыйға тартты.