Абай Құнанбаев пен Тұңғыш Президенттің чех тіліне аударылған кітаптары Чехияның Ұлттық кітапханасына сыйға тартылды

Абай Құнанбаев пен Тұңғыш Президенттің чех тіліне аударылған кітаптары Чехияның Ұлттық кітапханасына сыйға тартылды

ПРАГА, 10 желтоқсан 2020 ж.  Қазақстан Республикасының Елшілігі Чех Республикасының Ұлттық кітапханасына Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың чех тіліне аударылған «Өз ойларымды халықпен бөлісемін» кітаптарын сыйға тартты.

Іс-шараға Ұлттық кітапхана Бас директорының бірінші орынбасары Адольф Кнол, Ұлттық кітапхана тарих қорының директоры Мирослав Хейнова, Чех «Азия достары клубының» жетекшісі, профессор, филология ғылымдарының докторы Иржи Шима, Чехия мәдениет министрлігінің, Прага қалалық мэриясының және чех бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар Абай шығармаларының жоғары маңыздылығын атап өтіп, оның өзінің шығармаларында назарын осы уақытқа дейін өзектілігін жоғалтпайтын моральдық, әлеуметтік проблемаларға аударғанын баса айтты.

Ұлттық кітапхана Бас директорының бірінші орынбасары А.Кнол «Қара сөздердің» ауқымы мен тұрақты құндылығын атап өтті, әсіресе қазақ ақынының өміріне тоқталды: «Абайдың шығармашылығы оны «қазақ ойының алыбы» деп санайтындығын дәлелдейді және оның даналық «Қара сөздерінің» өлмейтіндігі, ал мұра қазақ халқының жадында мәңгі сақталатындығы кездейсоқ емес. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің «Өз ойларымды халықпен бөлісемін» кітабы тек оның философиялық көзқарастарын ғана емес, сонымен қатар дана мемлекет және саяси қайраткерінің позициясын көрсететін түрлі тақырыптарға арналғандығын ерекше атап өткім келеді. Ол тарихи мағынада қазіргі заманғы, тәуелсіз Қазақстанның портретін қалыптастырады».

Қазақстандық дипломаттар Чехия ұлттық кітапхана қорын чех тіліне аударылған кітаптармен толықтыру чех қоғамының қазақ халқы туралы көбірек білуіне бірегей мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

 

 

ҚР Елшілігі