ҚР Елшісі Марат Тәжиннің Чехияның Сыртқы істер министрі Т.Петржичекпен кездесуі

ҚР Елшісі Марат Тәжиннің Чехияның Сыртқы істер министрі Т.Петржичекпен кездесуі

Ү.ж. 23 қарашасында Қазақстан Республикасының Чехиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин Чехияның Сыртқы істер министрі Томаш Петршичекпен кездесті.

Қазақстан Елшісі Чехия Сыртқы істер министрлігінің басшысына Қазақстандағы жүргізіліп жатқан саяси реформалар, экономикалық даму бағдарламалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті атқарушы өкілді органдардың сайлауы туралы хабардар етті. Чех тарапына Қазақстанның халықаралық бастамаларын қолдағаны үшін алғыс білдірілді.

Өз кезегінде Т.Петршичек Қазақстан Чехияның достық және сенімді серіктесі, сондай-ақ энергия ресурстарын ең ірі жеткізушілердің бірі болып табылатынын баса айтты. Ол парламентаралық ынтымақтастық арқылы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы екі елдің прогрессивті өзара іс-қимылын атап өтті.

Сондай-ақ қазақстан-чех ынтымақтастығының жағдайы мен келешегін талқылады. Чехиялық компанияларды инвестициялау және перспективалы бағыттарда бірлескен кәсіпорындар құру арқылы қазақстандық нарықта белсенді болуға шақырды. Тараптар коронавирустық пандемияны жеңгеннен кейін елдер ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша өзара әрекеттесуді қайтадан күшейтеді деген үміт білдірді.