
Ү.ж. 12 қарашасында Тұңғыш Президент күні қарсаңында Чехиядағы Қазақстан Елшілігінде, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен, сондай-ақ Назарбаев Университетінің кітапханасымен бірге Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың чех тіліне аударылған «Ой бөлістім халқыммен» кітабының онлайн-презентациясы өтті.
Іс-шараға Қазақстан мен Чехиядан танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қазақстандық дипломаттар өз сөздерінде Н.Ә.Назарбаевтың кітабы ерекше басылым екенін атап өтті, өйткені жинаққа оның кітаптары мен сөйлеген сөздері енген. Кітаптың бай жанрлық материалы мемлекет өмірінің маңызды жақтарын қозғай отырып, тақырыптық тарауларға біріктірілген.
Чехиялық «Азия достары клубының» төрағасы, профессор, философия ғылымдарының докторы Иржи Шима: «Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабымен мұқият таныстым және мен оның тек философиялық көзқарастарын ғана емес, сонымен қатар дана мемлекет және саяси қайраткерінің позициясын көрсететін әр түрлі тақырыптарға арналғандығын ерекше атап өткім келеді, сонымен қатар тарихи мағынада қазіргі заманғы, тәуелсіз Қазақстанның портретін қалыптастырады».
Чехиялық «Halo Noviny» (аудар. «Ало, жаңалықтар!») баспа және интернет-басылымының жетекшісі Роман Яноух былай атап өтті: «Мен Қазақстанға ессіз ғашықпын, мен бұл әдемі және таңғажайып елге бірнеше рет бару бақытына ие болдым және ондағы ең маңызды байлық - қазақ халқы. Кітапта Нұрсұлтан Назарбаев өз халқы туралы, олардың даналығы мен мейірімділігі туралы айтады. Сонымен бірге, кітапта қазақстандықтардың болашақ ұрпағына арналған нұсқаулар бар. Кітап чех оқырмандарына қазақ халқының тарихын, оның дәстүрлерін, руханилығын жақсы түсінуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз және бұл біздің мәдениеттерімізді жақындастыратыны сөзсіз ».
Чехиялық және қазақстандық БАҚ өкілдерінің сөздері де қызығушылықпен тыңдалды.
Қазақстан тарапынан презентацияға қатысқандар: Әлия Қожабекова - ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бас директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының докторы, профессор; Шәкір Ыбырай - ғалым, профессор, Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі; Бақытжан Тобояқов - ақын, журналист, жазушы-аудармашы; Петр Лапо - Назарбаев Университеті кітапханасының бас сарапшысы; Дария Джумагелдиева - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жазушысы; Тарас Чернега - «Украин мәдени орталығы» кеңесінің төрағасы (Нұр-Сұлтан).
Чех тіліне аударылған Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» атты кітаптарын Қазақстан Республикасының Елшілігі Прагадағы білім беру мекемелерінің кітапхана қорларына жібереді.