2020 жылғы 21 қаңтарда Қазақстанда ел басшылығымен әйгілі қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған мерейлік іс-шаралар бастау алды. Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен ү.ж. 27 қаңтарда Чех Республикасының «Клементинум» Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырған «Абай» мәдени-ақпараттық орталықтың ресми ашылуы өткізілді.
Салтанатты ашылуында Чех Республикасы Парламентінің депутаты, парламентаралық «Қазақстан-Чехия» достар тобының мүшесі Стансислав Берковец, Ұлттық кітапханасының директоры Мартин Коцанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапхана директоры Үмітхан Мұңалбаева, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер Институтының директоры Кенжехан Матыжанов, Қазақстанның басқа да қоғамдық қайраткерлері мен жазушылары, Чехияның БАҚ өкілдері мен қоғамдық-саяси топтар қатысты.
Қазақстанның Елшісі Марат Тәжин өз сөзінде «Абай» мәдени-ақпараттық орталықтың ашылуы екі елдің халқының өзара мәдени байытылуына түрткі болып, чех қоғамы қазақ әдебиеті мен поэзияны терең білуге мүмкіндіктің бар екендігін ерекше атап өтті.
Орталықтың ашылуы аясында «Әлем таныған Абай» кітап көрмесі мен «Абай әлемі» фотокөрмесі ұйымдастырылып, Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған әртүрлі материалдар, соның ішінде чех тіліндегі кітаптар ұсынылды.
Сонымен бірге, іс-шара барысында чех жазушысы Владислав Кучиктің чех тіліндегі Абайдың «Қара сөздері» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Бұдан басқа, «Абай» орталығының ашылуы аясында қазақстандық жазушылардың, чехиялық жазушылары мен сарапшылардың, «Тарлан» қазақстандық студенттер қауымдастығының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Қонақтардың пікірлері бойынша «Абай» мәдени-ақпараттық орталықтың ашылуы арқасында Чехияда Қазақстанның мәдени құндылығын насихаттау мен оны ілгерілетуге үлкен үлес қосылды.
Сонымен бірге, Еуропаның ежелгі және беделді кітапханалардың бірінде орталықтың ашылуы ерекше маңызды болып табылады.