Меню

Страницы

Статья

Чехияда қазақ студенттер Abai175 челленджін жалғастырды

Биылғы жылы ұлы ақын, ойшыл және гуманист Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл!

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында айтып өткен болатын. Онда Мемлекет басшысы былай деді:«Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы. Осыған орай, Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет». Сондай-ақ, Президент Қазақстанның шет елдердегі Елшіліктері жанынан «Абай» орталықтарын ашу керектігін де атап өтті.

Шет елдерде оқып, білім алып жатқан қазақ студенттері Абай өлеңдері мен қара сөздерін оқу эстафетасын әрі қарай жалғастырады. Алдымен #Abai175 оқу челленджін Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы бастама көтеріп, ал ҚР Қазақстан Республикасының Словакия мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Роман Василенко қолдау білдірді. Осы мемлекетте оқып жүрген қазақ жастары Абай шығармаларын қазақ және словак тілдерінде оқып, эстафетаны әрі қарай Чехия жастары қабылдап алды.  

Чехия Республикасындағы «Тарлан» студенттік жастар ұйымы адамзаттың мақтанышы, хакім Абайдың 175 жылдығы қарсаңында ұлы ақынның жырларын оқу челленджінде ұлы Абайдың шығармаларын қазақ, ағылшын және чех тілдерінде оқып, Польша жастарына жолдады.

Аталмыш эстафетаның ұйымдастырылуына Қазақстан Республикасының Чехиядағы Төтенше және өкілетті  елшілігі қолдау көрсетті.

Дата публикации
14 февраля 2020
Дата обновления
27 марта 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

07 октября 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ Автомобильді аукцион өткізу арқылы сату туралы Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі қызметтік автокөлікті бағаны көтеру тәсілімен ашық аукцион өткізу арқылы сататынын хабарлайды.
Ақпарат
21 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
Ақпарат
19 апреля 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту

Социальные медиа

Facebook
Instagram
youtube
Twitter
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары