Меню

Страницы

Статья

Шетелге шығатын ҚР азаматтарына арналған жадынама

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Бұл жадынама ҚР-ның Чехияға шығатын азаматтарына арналған және шетелдегі саяхат кезінде қиындықтарға ұшырмау үшін жалпы қағидалар мен кеңестерді қамтиды.

Визалық сұрақтар:

  • Қазақстан мен Чехия арасында визалық режим қолданылады.
  • Чехияға кіру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары Шенген визасын ресімдеуі қажет. Чехия Шенген аймағының бөлігі болып табылады, сондықтан бұл визаның болуы қатысушы елдер арасында еркін жүруге мүмкіндік береді.
  • Шенген визаларының негізгі түрлері:
  • Қысқа мерзімді виза (С санаты): туристік, іскерлік немесе жеке сапарларға арналған, максималды болу мерзімі 180 күн ішінде 90 күнге дейін.
  • Ұлттық виза (D санаты): Чехияда оқу немесе жұмыс істеу секілді ұзақ уақыт болу үшін қажет.
  • Қазақстан Республикасының жарамды жол жүру құжаттары: Ұлттық, қызметтік, дипломатиялық паспорттар.

Паспорттың жарамдылығы:

  • Паспорттың жарамдылық мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек..

Кедендік бақылау:

  • Қолма-қол ақша декларациясы: егер сіз 10 000 еуродан асатын немесе басқа валютадағы баламасы бар қолма-қол ақшаны (чектерді, жол аударымдарын және басқа ақша баламаларын қоса) әкелсеңіз немесе әкетсеңіз, сізге валюта туралы декларацияны толтыру қажет болады.
  • Әкелуге және әкетуге тыйым салынған заттар: есірткілер мен психотроптық заттар, қару-жарақ пен оқ-дәрілер (тиісті рұқсатсыз), улы және қауіпті заттар, жалған құжаттар мен ақша, жануарлар мен өсімдіктер (тиісті рұқсатсыз сирек немесе жойылып кету қаупі төнген), ет, сүт өнімдері.
  • Жабайы табиғаттың кейбір түрлерін, өсімдіктерді, сондай-ақ олардың бөліктерін (олардан жасалған бұйымдарды), егер олар халықаралық конвенциялардың (мысалы, CITES) қорғауында болса, әкелуге тыйым салынады.

Медициналық сақтандыру:

  • Медициналық сақтандыру полисін сатып алуы сапар кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыруға және сақтандыру жағдайы басталған кезде күтпеген медициналық шығындардан аулақ болуға мүмкіндік береді.

    «Туристі міндетті сақтандыру туралы»

Эпидемиялық ахуал:

  • Қазіргі уақытта Чех Республикасына кіру кезінде COVID-19 індетіне байланысты қатаң эпидемиялық шектеулер қолданылмайды. Тестілеу нәтижелері, вакцинация сертификаттары немесе карантин талап етілмейді, бұл барлық санаттағы саяхатшыларға қатысты. Дегенмен, эпидемиологиялық жағдай өзгеруі мүмкін болғандықтан, ресми ақпаратты үнемі бақылап отыру ұсынылады. Кейбір жағдайларда авиакомпаниялар немесе транзиттік елдер қосымша талаптар қоюы мүмкін, сондықтан сапар алдында нақтылау қажет. Сонымен қатар, гигиеналық талаптарды сақтау және сырқат белгілері болған жағдайда сапардан бас тарту ұсынылады

Қалыптасқан тәртіп нормалары:

  • Чехияда жүрген кезде осы елдің заңдарын сақтау – әрбір шетелдік азамат үшін міндет. Заңдарды білмеу жауапкершіліктен босатпайды, сондықтан күнделікті өмірге тікелей қатысы бар жол қозғалысы ережелері, қоғамдық орындардағы тәртіп пен көлік жүйесін пайдалану тәртібі секілді негізгі нормалармен алдын ала танысу маңызды.

    Чех қоғамында сыпайылық, уақытты құрметтеу және қоғамдық кеңістікте өзін ұстаудың мәдениеті жоғары бағаланады. Мысалы, қоғамдық көлікте қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға орын беру – қалыптасқан әдеп. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда тыныштық сақтау, әсіресе пойыздарда немесе қоғамдық көлікте қатты сөйлеспеу – құрметтің белгісі ретінде қабылданады.

    Чех тіліндегі қарапайым сөздер мен тіркестерді меңгеру – күнделікті қарым-қатынасты жеңілдетіп, жергілікті тұрғындармен өзара түсіністікті жақсарта түседі. Мысалы:

    • Dobrý den – Қайырлы күн

    • Děkuji – Рақмет

    • Prosím – Өтінемін

    • Jak se máte? – Қалыңыз қалай?

    Мейрамханалар мен дәмханаларда шайлық беру қалыпты дәстүр – көбіне шоттың 5–10%-ын құрайды. Дегенмен, кейбір орындарда бұл сома шотқа автоматты түрде қосылады, сондықтан чекпен танысып шыққан жөн.

Пайдалы ақпарат:

  • Чехияда Google Maps, Waze, Maps.me сияқты мобильді карталар арқылы оңай бағдар жасауға болады. Егер интернетке қосылу шектеулі аймақтарға бару жоспарланса, алдын ала офлайн карталарды жүктеп алу ұсынылады — бұл бағытты адаспай табуға көмектеседі.

    Елде халықаралық төлем жүйелері – Visa, Mastercard және Maestro кеңінен қолданылады. UnionPay карталары барлық жерде қабылдана бермейді. Сондықтан дүкендерде, мейрамханаларда және банкоматтарда төлемдер мен қолма-қол ақша алу үшін Visa немесе Mastercard картасын қолдану тиімді.

    Байланыс үшін Чехияда жергілікті SIM-картаны сатып алу ұсынылады – бұл роумингпен салыстырғанда әлдеқайда арзан және ыңғайлы. Ірі операторлар – T-Mobile, O2 және Vodafone – саяхатшыларға арналған тиімді тарифтер ұсынады. Қазақстаннан келген азаматтар роумингті қосып келсе де болады, бірақ шығын жоғары болуы мүмкін.

    Прага және басқа ірі қалаларда дамыған қоғамдық көлік жүйесі бар – трамвайлар, автобустар және метро. Билеттерді автоматтардан сатып алуға немесе мобильді қосымшалар арқылы төлеуге болады. Көптеген көлік жүйелерінде байланыссыз (contactless) банк карталарымен жол ақысын төлеу мүмкіндігі де бар.

Шетелге оқуға, жұмысқа немесе тұрақты тұруға барған жағдайда

  • Құжаттарыңызды алдын ала заңдастыру немесе апостиль қою керек. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАТ органдары берген куәліктерге, мүліктік қатынастарға және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне қатысты құжаттарға қатысты.

Консулдық есеп туралы:

  • Оқу, жұмыс немесе тұрақты тұру мақсатында шет мемлекетке келген қазақстандық азаматтарға жақын жердегі қазақстандық дипломатиялық өкілдікте немесе консулдық мекемеде консулдық есепке тұру ұсынылады.
  • Консулдық есепке қою Қазақстанға бармай-ақ көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді (сайлау мен референдумдарға қатысу, паспортты ресімдеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және т.б.), сондай-ақ болу мемлекетінде әскери іс-қимылдар, жаппай тәртіпсіздіктер, дүлей зілзалалар туындаған жағдайда сіздің эвакуацияңызды жеңілдетеді.

Құқық қорғау органдарымен ұсталған жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз:

  • Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда (жергілікті құқық қорғау органдарының ұстауы, басқа адамдар тарапынан қорқыту, жол-көлік оқиғалары және т.б.) Сіз болу мемлекетінде қазақстандық консулдық мекеменің қызметкерімен кездесуді талап етуге құқығыңыз бар.
  • ҚР консулдық мекемесінің қызметкерлері болмаған кезде шет тілінде қандай да бір Хаттамаларға және өзге де құжаттарға қол қоймаңыз.

Сізге сәтті сапар тілейміз!

 

Дата публикации
26 марта 2020
Дата обновления
27 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

07 октября 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ Автомобильді аукцион өткізу арқылы сату туралы Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі қызметтік автокөлікті бағаны көтеру тәсілімен ашық аукцион өткізу арқылы сататынын хабарлайды.
Ақпарат
21 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
Ақпарат
19 апреля 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту

Социальные медиа

Facebook
Instagram
youtube
Twitter
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары