АҚПАРАТ
(неке Қазақстанда қиылған болса)
Тегін, атын, әкесінің атын өзгету үшін өтініш білдіруші жақын жердегі ҚР ЧР консулдық бөліміне (аймақтық қатыстылығы бойынша) жеке өзі келуі қажет және келесі құжаттарды көшірмелерімен бірге 3 данада тапсыруы керек:
1.белгіленген үлгідегі өтініш – 3 дана;
2.паспорттың түпнұсқасы және көшірмесі (барлық ақпараты бар беттерінен) – 3 дана;
3.тегін, атын, әкесінің атын өзгерту себебін түсіндіре отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян – 3 дана;
4.туу туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі – 3 дана;
5.неке қию туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі – 3 дана;
6.неке бұзу туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі (егер өтініш білдіруші неке бұзылуына байланысты некеге дейінгі тегін беру жөнінде ниет білдірсе) - 3 дана;
7.жұбайының тегін қабылдағандығы туралы растама – 3 дана;
8.кәмілетке толмаған балалардың туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері – 3 дана;
9.отбасы кітабының үзіндісі – 3 дана;
10.егер алдында бала асырап алу немесе әкелікті анықтау тіркелген болса, онда бала асырап алу немесе әкелікті анықтау жөніндегі құжаттарды тапсыру өажет – 3 дана;
11.тегін, атын, әкесінің атын өзгерту себебін растайтын құжаттар – 3 дана;
12.ата-анаңыздың туу туралы куәліктерінің көшірмелері – 3 дана;
13.фотосурет 3,5х4,5 – 3 дана;
14.есепшотқа 70,- ЕВРО аударғандығы туралы жасалған төлемді растайтын түбіршектің түпнұсқасы мен көшірмесі;
Československá Obchodní Banka, a.s.
Счет: 241079389/0300
Embassy of the Republic of Kazakhstan.
SWIFT: CEKO CZPP
IBAN: CZ 290300 0000000241079389
Қолдаухатты өңдеу мерзімі 6 ай және оданда ұзақ мерзімді құрайды. Қазақстанның құзыретті органдарынан жауап келген мезетте, өтініш білдіруші ол жөнінде шұғыл түрде хабардар болады.
ЧР органдарының құжаттары машықтанған аудармашы арқылы қазақ немесе орыс тіліне аударылуы тиіс!
Егер өтініш білдіруші ЧР-ға жеке немесе туристік визамен келген болса, онда алдымен тұрақты тұруға қалдыру жөнінде қолдаухат тапсыру қажеттігін қосымша хабарлаймыз.
Төлем жасау кезінде зейін қойыңыздар – ақшаны ҚР ЧР Елшілігінің есеп шотына қателесіп аударған жағдайда немесе артық төленген жағдайда, төленген ақшалар кері қайтарылмайды (ҚР Салық кодексінің 554 бабының 7 тармағы).
Барлық құжаттардың түпнұсқалары консулдық бөлімге тапсырылатындығына назар аударуды сұраймыз!
Тегі өзгертілген тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік, туу туралы куәлік, неке қию туралы куәлік және паспорт тек ҚР құзыретті органдардан рұқсат берлігеннен кейін ғана ресімделеді.
Қолдаухан қанағаттандырылмаған жағдайда, консулдық алым кері қатарылмайды.