Меню

Страницы

Статья

ҚР СІМ-де шақыруларды ресімдеу тәртібі

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің шақыруларын қабылдайды және келіседі («Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы).

Вербалды нота виза алушының Қазақстан Республикасына болжамды келу күніне күнтізбелік 90 күннен ерте емес және 5 күннен кешіктірілмей беріледі («Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидалары»).

Қазақстан Республикасына шақыруды ресімдеу үшін шақырушы тарап ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне екі данада толтырылған кестелерді (қағаз нұсқада және электронды түрде (файлдын форматы міндетті түрде Microsoft Office Excel 97-2003 (.xls) болу тиіс) және visa@mfa.kz электрондық поштасына жіберу қажет), вербалды нотаны және паспорттардың көшірмелерін ұсынады.

Қағидаларда қарастырылған жағдайларда, қосымша құжаттар талап етілуі мүмкін.

Шақыру нөмірлері ҚР СІМ-нің сайтында орналастырылады. ҚР СІМ КҚД-де тіркелген нөмір, шақыру күні шақырушы тараппен шетел азаматына беріледі (түпнұсқа немесе шақырудың сканерден өткізілген көшірмесі).

Келісілген нөмірді алғаннан кейін, шетел азаматына ҚР визасн алу үшін ҚР-дың шет елдердегі консулдық мекемелеріне жүгіну керек.

Визаны беру орны виза алушының азаматтығына тиесілі елге және (немесе) тұрғылықты жеріне қатысты консулдық округке сәйкес анықталады.

Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында ресми делегация мүшелеріне, Қазақстан Республикасының консулдық мекемелері жоқ елдердің азаматтарына, сонымен қатар виза алушыларға шақыру негізінде ҚР СІМ береді.

Дата публикации
13 марта 2020
Дата обновления
13 марта 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

07 октября 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ Автомобильді аукцион өткізу арқылы сату туралы Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі қызметтік автокөлікті бағаны көтеру тәсілімен ашық аукцион өткізу арқылы сататынын хабарлайды.
Ақпарат
21 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
Ақпарат
19 апреля 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту

Социальные медиа

Facebook
Instagram
youtube
Twitter
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары