Меню

Страницы

Статья

ҚР ІІМ-де шақыруларды ресімдеу тәртібі

ҚР-ға жеке істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдеу, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың (жеке жіне заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер) шақыруларын қабылдау және келісу ҚР ішкі істер органдарының құзыретіне жатады («Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы).

Шетелдіктерге шақыру ресімдеу мақсатында шақырушы тарап құжаттарды алдын-ала (ҚР визасын алушылардың ҚР-ға болжамды келу күнінен екі аптадан кешіктірілмей) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінінің аумақтық бөлімшелеріне тапсырады («Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидалары» (бұдан әрі – Қағидалар)).

Шақыруды қарастыру мерзімі – 5 жұмыс күні (жүгінген күннен бастап).

Қазақстан Республикасына жеке сапар бойынша келуге шақыру ресімдеу үшін шақырушы тарап тіркелген орны бойынша келесі құжаттарды ҚР ІІМ бөлімшелеріне ұсынады:

  • -жеке басты куәландыратын құжат;
  • -өтініш-сауалнама;
  • -мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжаты.

Шақыруды ресімдеу үшін заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер тіркелген орны бойынша келесі құжаттарды ҚР ІІМ бөлімшелеріне ұсынады:

  • -Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес екі данада толтырылған кесте (қағаз нұсқада және электронды құрылғыда);
  • -мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжаты.

Шақыруды ресімдеуге ағымдағы жылы алғашқы рет өтініш білдірген заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер келесі құжаттарды ұсынады:

  • -заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • -заңды тұлға жарғысының немесе патенттің көшірмесі;
  • -заңды тұлғаның өз өкілін құжаттарды тапсыру үшін тағайындау туралы бұйрығы немесе сенімхаты;
  • -директорлар кеңесінің мүшесін шақыруға қолдаухат өткізуші қабылдаушы тарап – директорлар кеңесінің мүшесі болып сайлану туралы жалпы акционерлер жиналысы хаттамасының көшірмесі;
  • -шетелдік туристерді шақыруға қолдаухат өткізуші қабылдаушы
    тарап – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары берген туроператорлық қызмет лицензиясы немесе туристік агенттердің Мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмесі;
  • -виза алушыны білім алу мақсатында шақыруға қолдаухат өткізуші қабылдаушы тарап – Қазақстан Республикасының білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген білім саласындағы қызметі туралы лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы;
  • -виза алушыны емделуге, медициналық тексеруге немесе консультациялар үшін шақыруға қолдаухат өткізуші қабылдаушы
    тарап – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының медициналық қызметке берген лицензиясы.

Қағидаларда қарастырылған жағдайларда, қосымша құжаттар талап етілуі мүмкін.

5 жұмыс күні өткеннен кейін, шақырушы тарапқа шақыру нөмірі хабарланады. ҚР ІІМ бөлімшелерінде тіркелген нөмір, шақыру күні шақырушы тараппен шетел азаматына беріледі (түпнұсқа немесе шақырудың сканерден өткізілген көшірмесі).

Келісілген нөмірді алғаннан кейін, шетел азаматына ҚР визасн алу үшін ҚР-дың шет елдердегі консулдық мекемелеріне жүгіну керек.

Визаны беру орны виза алушының азаматтығына тиесілі елге және (немесе) тұрғылықты жеріне қатысты консулдық округке сәйкес анықталады.

Дата публикации
13 марта 2020
Дата обновления
13 марта 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

07 октября 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ Автомобильді аукцион өткізу арқылы сату туралы Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі қызметтік автокөлікті бағаны көтеру тәсілімен ашық аукцион өткізу арқылы сататынын хабарлайды.
Ақпарат
21 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
Ақпарат
19 апреля 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту

Социальные медиа

Facebook
Instagram
youtube
Twitter
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары