Құрметті азаматтар мен өтініш берушілер!
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық мекемелерінде шетелдік азаматтарға Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаның тоқтатылуына байланысты, ЖСН алудың маңызды балама тәсілі туралы хабарлаймыз.
Сіздерге қолайлылық пен қажетті цифрлық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы болып табылатын eResidency ресми онлайн-платформасы іске қосылды.
Аталған платформа арқылы цифрлық сәйкестендіруді және ЖСН-ды толықтай онлайн форматта төмендегі портал арқылы алуға болады: https://eresidency.gov.kz/en
eResidency арқылы ресімдеудің артықшылықтары:
• цифрлық ID-картаны және ЖСН-ды қашықтан алу;
• банктік және бизнес мүмкіндіктеріне қолжетімділік;
• Қазақстан Республикасына немесе консулдық мекемеге жеке барып келу қажеттілігінің болмауы.
Барлық мүдделі шетелдік азаматтарға ЖСН және оған байланысты қызметтерді алу үшін осы сервисті пайдалануды ұсынамыз. Өтініш беру рәсімін бастау үшін жоғарыда көрсетілген eResidency порталына өтіңіздер.