|
Визалық сұрақтар:
|
-
Черногория Үкіметінің ресми шешіміне сәйкес, 2026 жылғы 1 мамырдан 1 қазанға дейін Қазақстан азаматтары Черногорияға 30 күнге дейін визасыз кіруге, ел аумағында болуға және транзитпен өтуге мүмкіндік алады.
🔷 Негізгі шарттар:
✅Жарамады шетелдік төлқұжат болуы қажет (паспорттың мерзімі Черногориядан шығатын күннен кейін кемінде 3 айға жарамды болуы тиіс).
✅Ел аумағында 30 күннен артық болған жағдайда виза талап етіледі.
-
Тіркеу туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының азаматтарын қоса алғанда, барлық шетелдік азаматтар Черногорияда болған жерінде міндетті түрде тіркелуі тиіс.
Тіркеу мерзімі – елге келгеннен кейін 24 сағат ішінде. Бұл талап визасыз режимде келген туристерге де, виза арқылы келгендерге де қатысты.
Тіркеуді мына жерлерде рәсімдеуге болады:
- қонақ үйде тұрған кезде,
- болған жердегі Туристік ұйымның өкілдігінде,
- Черногория полиция бөлімшесінде.
Тіркеу процедурасы ақылы болып табылады. Уақытында тіркелмеу немесе тіркеудің болмауы әкімшілік жауапкершілікке және айыппұл санкцияларына әкеп соғады.
|
|
Медициналық сақтандыру:
|
- Медициналық сақтандыру полисін сатып алуы сапар кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыруға және сақтандыру жағдайы басталған кезде күтпеген медициналық шығындардан аулақ болуға мүмкіндік береді.
«Туристі міндетті сақтандыру туралы»
|
|
Шетелге оқуға, жұмысқа немесе тұрақты тұруға барған жағдайда
|
- Құжаттарыңызға алдын ала апостиль мөрін қою керек. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАТ органдары берген куәліктерге, мүліктік қатынастарға және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне қатысты құжаттарға қатысты.
|
|
Консулдық есеп туралы:
|
- Оқу, жұмыс немесе тұрақты тұру мақсатымен Черногорияға келген қазақстандық азаматтарға Черногориядағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығында консулдық есепке тұру ұсынылады.
- Консулдық есепке қою Қазақстанға бармай-ақ көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді (сайлау мен референдумдарға қатысу, паспортты ресімдеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және т.б.), сондай-ақ болу мемлекетінде әскери іс-қимылдар, жаппай тәртіпсіздіктер, дүлей зілзалалар туындаған жағдайда сіздің эвакуацияңызды жеңілдетеді.
|
|
Құқық қорғау органдарымен ұсталған жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз:
|
- Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда (жергілікті құқық қорғау органдарының ұстауы, басқа адамдар тарапынан қорқыту, жол-көлік оқиғалары және т.б.) Сіз болу мемлекетінде қазақстандық консулдық мекеменің қызметкерімен кездесуді талап етуге құқығыңыз бар.
- ҚР консулдық мекемесінің қызметкерлері болмаған кезде шет тілінде қандай да бір Хаттамаларға және өзге де құжаттарға қол қоймаңыз.
|