Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама

 

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Осы жадынама Тайланд Королдігіне баратын Қазақстан Республикасы азаматтарына арналған және шетелге сапар барысында қиындықтардың алдын алуға көмектесетін жалпы ережелерді, практикалық ұсыныстар мен маңызды мәліметтерді қамтиды.

Визалық сұрақтар • Қазақстан мен Тайланд арасында визасыз режим орнатылған.
• ҚР азаматтары үшін елге кірген сәттен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін болуға рұқсат етіледі, жалпы алғанда, әрбір 180 күндік кезең ішінде 90 күннен аспауы тиіс.
Паспорттың жарамдылығы • Паспорттың жарамдылық мерзімі Тайландқа келген күнінен бастап кемінде 6 ай болуы тиіс.
• Паспорттың жыртылған немесе бүлінген беттері Тайландқа кіруден бас тартуға негіз болуы мүмкін. Сапарға шықпас бұрын құжаттың күйін тексеріңіз.
Кедендік бақылау • 20 мың АҚШ долларынан асатын қолма-қол ақшаны алып келген жағдайда декларация толтыру қажет.
• 1 литр алкоголь және 200 дана темекі (немесе 250 г темекі) әкелуге рұқсат етіледі. Белгіленген нормадан асып кету айыппұл салуға және тауарлардың тәркіленуіне әкелуі мүмкін.
• Нашақорлық заттарды, қару-жарақты, порнографиялық материалдарды, электронды темекілер мен олардың сұйықтықтарын әкелуге тыйым салынады.
• Мәдени құндылықтарды, антиквариат заттарын, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларды әкелу және әкету тек тиісті рұқсат құжаттары болған жағдайда мүмкін.
• Дәрі-дәрмектерді әкелуге шектеу қойылған: құрамында психотроптық заттар бар препараттар тыйым салынған. Өзіңізбен бірге дәрігердің рецептісі немесе анықтамасы болуы тиіс.
Медициналық сақтандыру • Тайландта болған кезеңге медициналық сақтандыру полисін сатып алу ұсынылады. Бұл сақтандыру жағдайы орын алған жағдайда медициналық қызметтерге кететін едәуір шығындардан сақтануға мүмкіндік береді.
Эпидемиялық ахуал • Тайландта уақыт сайын денге безгегі және басқа да тропикалық инфекциялардың өршуі тіркеледі. Сондықтан масаларға қарсы құралдарды қолдану ұсынылады.
• COVID-19-ға қарсы вакцинация міндетті емес, бірақ эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты кіру үшін талап етілуі мүмкін.
Қалыптасқан тәртіп нормалары • Корольдік отбасыға құрмет көрсетіңіз – кез келген дөрекі сөздер мен әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
• Храмдарда тәртіп ережелерін сақтаңыз: жабық киім кию, кірген кезде аяқ киім шешу, монахтарға (әсіресе әйелдерге) қол тигізуге тыйым салынған.
• Мотоцикл жүргізушілері мен жолаушыларының шлем киюі міндетті.
• Қоғамдық орындарда, соның ішінде жағажайларда темекі шеккен үшін айыппұл салынуы немесе қамауға алынуы мүмкін.
Пайдалы ақпарат • Көлік: Тайландта сол жақпен жүру ережесі бар. Жолда абай болыңыз.
• Байланыс: Интернетке қол жеткізу үшін жергілікті SIM-картасын (AIS, TrueMove, DTAC) сатып алу ұсынылады.
• Төлем жүйелері: Visa, Mastercard, сондай-ақ жергілікті қызметтер (PromptPay) арқылы төлем жасауға қабылданады.
Шетелге оқуға, жұмысқа немесе тұрақты тұруға барған жағдайда • Құжаттарыңызды алдын ала заңдастырыңыз, оның ішінде дипломдар, туу туралы куәліктер және неке туралы куәліктер.
Консулдық есеп • Жақын орналасқан Қазақстанның дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемеге консулдық есепке тұру ұсынылады.
• Консулдық есепке тұру сізге уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ, елде соғыс әрекеттері, жаппай тәртіпсіздіктер немесе табиғи апаттар туындаған жағдайда эвакуацияны жеңілдетеді.
Құқық қорғау органдарымен ұсталған жағдайда • Құқық қорғау органдарымен ұсталған жағдайда дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге хабарласыңыз.
Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары