Париж, 2025 жылғы 14 наурыз — Туристік тартымдылықты ілгерілету аясында Қазақстанның Франциядағы Елшілігі француз режиссері Седрик Тассан түсірген "Маңғыстау" деректі фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды.
Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова мен режиссер С. Тассанның қатысуымен өткен іс-шараға мәдениет, өнер және киноиндустрияның өкілдері қатысты.
Бұл туынды көрермендерді Маңғыстаудың таңғажайып пейзаждарымен, ежелгі ескерткіштерімен және бірегей тарихымен таныстырады. Автор осы аймақтың ландшафтын велосипедпен зерттей отырып, туристер үшін нағыз қазына болып табылатын еліміздің зерттелмеген жерлерін және ерекше қонақжайлылығын көрсетуге тырысты.
Көрсетілімге қатысқан француздықтар Елшіліктің бағында орналасқан он қанатты киіз үйді тамашалады.
Фильмнің премьерасы 2024 жылы "Atmosphere" фестивалі аясында өтті, сонымен қатар Париждің әйгілі "Grand Rex" кинотеатрында өткен "Tous en selle" велофестивалінде таныстырылды.
Алдағы уақытта С. Тассан бірқатар велошабандоздармен бірігіп Қазақстанның басқа туристік жерлерімен, атап айтқанда, Каспий жағалауымен танысуды жалғастырмақ.