
Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова ү.ж. 20-21 ақпанда ОверньРона-Альпі (ОРА) аймағының Изер департаментінің астанасы Гренобль қаласына жұмыс сапарымен барып келді.
Іссапар барысында Г.Арыстанқұлова қала мэрі Эрик Пьоллемен, Гренобль Альпі университетінің (UGA) президенті Яссин ЛахнешпенГренобль қаласының Замануи өнер мұражайының директоры Себастьян Гёкальппен, Дофинуа мұражайының директоры Оливье Коньмен, сондай-ақ жергілікті бизнес құрылымдардың басшыларыменФранцияның кәсіпкерлер қозғалысының (MEDEF) бас директоры Эммануэль Брезиамен, Гренобльдің сауда-өнеркәсіп палатасы президенті Пьер Штрайфпен, Өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау жөніндегі агенттіктің Изердегі өкілдігінің басшысы Жоэль Сёмен келіссөздер өткізді
Гренобль мэрімен кездесуде қалада ҚР Құрметті консулдығының жұмыс істеуінқазақстандық азаматтарды оқытуды, сондай-ақ ҚР-да белсенді жұмыс істейтін бірқатар ірі француз компаниясының қызметін ескере отырып, Қазақстан қалаларының бірімен серіктестік қарым-қатынас орнату мүмкіндігі талқыланды.
Іскерлік қоғамдастық өкілдерімен келіссөздер барысында Елші Франциямен өзара тиімді ынтымақтастық ұзақ мерзімді және стратегиялық сипатқа ие екенін атап өтіп, 20 млрд. долл. салынған инвестициялармен Франция ҚР-дың маңызды халықаралық серіктестерінің қатарына кіреді деп мәлімдеді. Екі ел экономикасының әлеуетін ескере отырып, ҚР Үкіметі тарапынан преференциялар мен жеңілдіктер берілетін перспективалы секторларда жаңа жобаларды бірлесіп іске асыруға шақырды.
Француз тарапы Изердің департаменті экономикасының жоғары әртараптандырылғанын және атом мен жаңартылатын энергетикаметаллургиямикроэлектроника, жасанды интеллектті қолданатын инновациялар, биотехнология, логистика, қағаз өнеркәсібі, тау туризмі сияқты секторлардың ерекше дамуына назар аударып, ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
Гренобльдің ең ірі мұражайларының өкілдерімен ҚР мұражайларымен ынтымақтастық орнату мүмкіндігі, оның ішінде қазақ тарихы мен этно-мәдениетіне арналған көрмені ұйымдастыру мәселесі талқыланған.
Сапар аясында қазақстандық дипломат цемент пен бетон өндірісіне маманданған Vicat компаниясының штабпәтері мен ғылымизерттеу орталығын, сондай-ақ энергомашина жасайтын Schneider Electricкорпорациясының IntenCity инновациялық хабын қарап шығып, олардың озық әзірлемелерімен және жасыл шешімдерімен танысты. Бүкіл ОРА өңірінің экономикасында маңызды рөл атқаратын бұл компаниялар қазақстандық нарықта белсенді жұмыс істеуде.
Сонымен қатар, Г.Арыстанқұлова Екі дипломдық бағдарлама шеңберіндегі ядролық инженерия саласында кадрлар даярлау жөніндегі Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Satbayev University) мен Phelma инженерлік мектебі (Grenoble INP - PHELMA, UGA) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсіміне қатысты. Phelma инженерлік мектебі әлемнің жоғары оқу орындарының Шанхай академиялық рейтингіне енгізілген Гренобль-Альпі университетінің құрамына кіреді.
Гренобльде Елші ҚР Құрметті консулдығының ғимаратында болып, онда орнықты индустриялық даму мен инженерияазаматтық гидравликалық құрылыс мен су шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, математика, информатика, қолданбалы әлеуметтік ғылым, үлкен деректер базасын талдауаккумуляторлық жабдықтау және құрылыс инжинирингі сияқты мамандықтар бойынша оқитын қазақстандық студенттер тобымен және Құрметті консул Софи Сидоспен кездесті.
Қазақстандық дипломат студенттерге елімізде, оның ішінде білім және ғылым саласында жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар туралы, сондай-ақ ҚР Франциядағы Елшілігі қабылдап жатқан азаматтарымыздың мүддесін қолдау және қорғау жөніндегі іс-шаралар мен шаралар туралы айтып берді. Өз кезегінде, студенттер ҚР дамуына өз үлестерін қосуға ниет білдіріп, оқу және алдағы жоспарлар туралы өз әсерлерімен бөлісті.
Гренобльге жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Елші жергілікті билік, компаниялар мен университеттердің өкілдерін ү.ж. 29-30 мамырдағы Астана халықаралық форумына және оның қарсаңында өткізілетін қазақ-француз бизнесфорумына қатысуға шақырды
Анықтама Изер департаменті мен Гренобль қаласының экономикалықинновациялық, білім беру және мәдени әлеует тұрғысынан Овернь-Рон-Альпі аймағының да, жалпы Францияның да маңызды бөлігі болып табылады. Департаменттің халқы шамамен 1,3 миллион адамды құрайды. Аймақта 20-дан астам тау шаңғысы Альпі курорттары бар. 1339 жылы құрылған Гренобль-Альпі университеті (UGA) - Франциядағы ең ірі жоғары оқу орындарының бірі, онда 60 мыңға жуық студент оқиды. Изер департаментінің жалпы ішкі өнімі 45 млрд еуроны құрайды. Изер жерінде бірнеше ядролық нысан, соның ішінде Сент-Албан атом электр станциясы орналасқан