Француз сенаторлары қазақ-француз ынтымақтастығының даму динамикасын жоғары бағалайды

Француз сенаторлары қазақ-француз ынтымақтастығының даму динамикасын жоғары бағалайды

Париж, 2024 жылғы 5 ақпан - Қазақстанның Елшілігінде Франция сенаторларымен, Франция Сенатының «Франция – Орталық Азия» достық тобының мүшелерімен жыл сайынғы кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар екі елдің Сенаттары арасындағы парламентаралық диалог пен ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын, сондай-ақ 2025 жылы қазақ-француз екіжақты күн тәртібіндегі негізгі іс-шараларды талқылады.

Француз сенаторлары Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2024 жылғы қарашада Францияға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындыларын жоғары бағалап, еліміздің Франция мен Еуропа үшін өсіп келе жатқан стратегиялық маңызын растады.

Сонымен қатар, парламентшілер Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды қолдайтындықтарын, сондай-ақ екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі жан-жақты нығайтуға елеулі үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді.

Іс-шара соңында қонақтар «Jenys» дзюдо бойынша кәсіби клуб сыйға тартқан Елшілік бақшасында орнатылған Қазақ киіз үйінің тарихымен және оның безендірілуімен танысты.