
Париж, 2024 жылғы 4 ақпан –Қазақстанның Франциядағы Елшілігі MEDEF қолдауымен ҚР Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Президентінің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменованың қатысуымен "Қазақстанның климаттық күн тәртібі: басымдықтар мен мүмкіндіктер" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іс-шараға Францияның компанияларының (Total Energies, SUEZ, VICAT, Seureca-Veolia, SGS, EDF, Axens), мемлекеттік органдары мен сараптамалық топтарының, Француз даму агенттігінің (AFD) өкілдері, сондай-ақ студенттер қатысты.
Талқылау барысында З. Сүлейменова Қазақстанның алдағы кезеңге арналған экологиялық бағытының басымдықтарын атап өтті, оның ішінде көміртегі бейтараптығына қол жеткізу, "жасыл" энергетика саласындағы жобаларды іске асыру, су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту және озық су үнемдеу технологияларын енгізу, табиғи апаттар тәуекелдерін басқарудың кешенді жүйесін әзірлеу.
Сонымен қатар, Арнаулы өкілі 2024 жылғы желтоқсанда Эр-Риядта ҚР және ФР Президенттері Қ.Тоқаев пен Э.Макронның төрағалығымен өткен "One Water Summit" саммитінің негізгі қорытындылары туралы хабардар етті. Сондай-ақ, З.Сүлейменова Астана халықаралық форумына (AIF-2025) белсенді қатысуға шақырды.
Қатысушылар еліміздің Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық етуіне және 2026 жылы Қазақстанда өткізілетін Өңірлік климаттық конференцияға үлкен қызығушылық танытты.