"Air France" компаниясының Халықаралық істер жөніндегі директорымен кездесу туралы

"Air France" компаниясының Халықаралық істер жөніндегі директорымен кездесу туралы

Париж, 2025 жылғы 30 қаңтар - Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова мен "Air France" компаниясының Халықаралық істер жөніндегі директоры Пьер Женолини авиациялық көлік саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Air France - 1933 жылы негізі қаланған Францияның ұлттық әуе тасымалдаушысы. Компания Air France-KLM тобының құрамына кіреді және SkyTeam альянсының негізін қалаушылардың бірі болып табылады.