Alstom компаниясының Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия бойынша Президентімен кездесу туралы

Alstom компаниясының Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия бойынша Президентімен кездесу туралы

Париж, 2025 жылғы 16 қаңтар - Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова мен ALSTOM компаниясының Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия бойынша Президенті Эндрю ДеЛеоне Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған жобалардың іске асырылу барысы туралы пікір алмасты.

Қазақстанның ұзақ жылдар бойы сенімді әріптесі болып келе жатқан «Alstom» компаниясы елдің теміржол саласын дамытуда маңызды рөл атқаруда. 2025 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың индустриялық аймағында орналасқан электровоздар шығаратын зауытқа барды.