Француз сарапшылармен кездесу туралы

Француз сарапшылармен кездесу туралы
Париж, 2024 жылғы 26 қараша - Франция-Еуразия қауымдастығының (Association France-Eurasie) бастамасымен Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова жергілікті сарапшылармен кездесті.
 
Іс-шара барысында Елші елімізде жүргізіліп жатқан саяси, әлеуметтік және экономикалық реформалар, сыртқы саясаттағы басымдықтар мен ұстанымдар жөнінде, сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ү.ж. қарашада Францияға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындылары туралы баяндап берді. 
 
Өз кезегінде қатысушылар өзекті және жаһандық мәселелер бойынша пікір алмасып, Қазақстанның орта держава ретіндегі геостратегиялық рөлінің артып келе жатқанын айтты. Сонымен бірге, француз сарапшылары еліміздің көпвекторлы сыртқы саясатының жекелеген бағыттарына, бірқатар өңірлік және халықаралық ұйымдардағы қызметіне, Орта дәлізді дамыту перспективаларына қызығушылық білдірді. Іс-шараға қатысушылар Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестікті күшейтідің жаңа жолдары мен мүмкіндіктерін талқылады.