«Tarkett» француз трансұлттық компаниясының Басқарма Төрағасымен кездесу туралы

«Tarkett» француз трансұлттық компаниясының Басқарма Төрағасымен кездесу туралы

Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова мен француздық «Tarkett» трансұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Фабрис Бартелеми құрылыс материалдары саласындағы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, сондай-ақ компанияның Қазақстан нарығындағы қатысуын кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны елдегі инвестициялық ахуалымен таныстырып, Қазақстанның транзиттік әлеуеті мен Орта дәліздің (Middle Corridor) артықшылықтары туралы айтты.

Өз кезегінде Ф.Бартелеми Қазақстанның экономикалық әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктерін жоғары бағалады.

Tarkett – еден жабындарын өндіру және сатуға маманданған француздық трансұлттық компания. Компания 2004 жылдан бастап Қазақстанның Алматы және Астана қалаларында қызмет етуде. 2023 жылы компанияның айналымы 3,4 млрд. еуроны құрады.