
Құрметті Отандастар!
2024 жылғы 6 қазанда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігі жанындағы №378 сайлау учаскесінде АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.
Егер Сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие және Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сіздің республикалық референдумда дауыс беруге құқықтық негіз бар. Дауыс беруге қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі ретінде Сізді референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігі жанындағы №378 сайлау учаскесіндегі дауыс беретін азаматтардың тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.
Сіздерді дауыс беретін азаматтардың тізіміне енгізу үшін Франция және Монако аумағындағыәрбір Қазақстан Республикасының азаматы өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, туған жылы, тұратын мекенжайы, байланыс деректері, электрондық пошта мекенжайы) Париж қаласындағы Қазақстан Елшілігінің consulatkz@gmail.com электрондық мекенжайына «Республикалық референдум» белгісімен алдын ала жіберу қажет.
Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда +(33) 145 613 732, +(33) 145 615 206 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз.
Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігі жанындағы №378 сайлау учаскесінің мекен-жайы: 59 rue Pierre Charron, 75008, Париж.