ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президентімен кездесу туралы

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президентімен кездесу туралы

Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинмен кездесу өткізді.

Сұхбаттастар Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы қол жеткізген нәтижелерді талқылады. 

Сондай-ақ, алдағы уақытта халықаралық тәжірибені зерделеп, елімізде спорт саласын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Г.Головкин Елшілік ұжымымен кездесіп, қазақстандық дипломаттардың жұмысына сәттілік тіледі.