«Semmaris» компаниясының Президентімен кездесу туралы

«Semmaris» компаниясының Президентімен кездесу туралы

Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Париж маңында орналасқан халықаралық көтерме сауда нарығы «Rungis»-тың жұмысымен танысып, аталған көтерме сауда-тарату орталығын басқаратын «Semmaris» компаниясының Президенті Стефан Лаянимен кездесті.

Келіссөздер барысында сұхбаттастар Қазақстанда «Rungis» үлгісі бойынша жобаны іске асыруға өзара мүдделілігін растады.

«Rungis» орталығы санитарлық қауіпсіздік, таңбаланған тауарларды қадағалау және Еуропалық одақтың сапаға қатысты нормативтік талаптарына сәйкестік жағынан және көлемі бойынша әлемде ең ірі әрі бірегей болып табылады. Ол ет, балық, басқа азық-түліктің, сондай-ақ жеміс-көкөніс, өсімдіктердің кең ауқымды ассортиментін ұсынады.

2022 жылы «Rungis» арқылы 3 млн тонна тауар, оның ішінде 1,7 млн тоннадан астам азық-түлік сатылды, оның айналымы 11 млрд еуроны құрды.