Қазақстан Франциядағы Мал шаруашылығы саммитіне құрметті қонақ ретінде қатысады

Қазақстан Франциядағы Мал шаруашылығы саммитіне құрметті қонақ ретінде қатысады

 Париж, 2024 жылғы 13 маусым - Францияның Ауыл шаруашылығы және азық-түлік егемендігі министрлігінде 33ші Мал шаруашылығы саммитінің басталуына орай халықаралық презентация өтті Бұл көрме 2024 жылғы 1-4 қазан аралығында Клермон-Ферран қаласында өтеді және мал мен ауыл шаруашылығы саласының мамандарын біріктіретін Еуропадағы ең ірі іс-шара болып табылады.

Гибридті режимде ұйымдастырылған іс-шараға Франция мен басқа елдерден 1000-нан астам адам қатысты.

Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова өз сөзінде екі елдің арасындағы барлық саладағы қарқынды дамып келе жатқан стратегиялық серіктестігін атап өтті Бұл ретте ауыл шаруашылығы екіжақты ынтымақтастықтың басым салаларының бірі болып табылады. Осыған байланысты, еліміздің Мал шаруашылығы саммитіне қатысуы озық әзірлемелермен танысуға, жетекші компаниялармен ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ жаңа байланыстар орнатуға бірегей мүмкіндік береді.

Мемлекеттімізді құрметті қонақ ретінде таныстыра отырып, Елші ауыл шаруашылығы саласын дамытудың елеулі әлеуеті және біздің Үкіметтің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту және отандық экспортты әртараптандыру жөніндегі мақсаттары туралы айтып берді.

Айта кету керек, «Lactalis», «Danone» және «Soufflet» сияқты бірқатар ірі француз компаниялары Қазақстанда ұзақ уақыт бойы табысты жұмыс істеп келеді.

Өз кезегінде Мал шаруашылығы саммитінің президенті Жак Шазале биылғы аумағы Франциядан бес есе асатын кең жайылымдары бар Орталық Азиядағы ірі елдің биылғы көрмесіне қатысу асыл тұқымды мал шаруашылығы, жабдық және ноу-хау салаларында бизнес-байланыстар орнатуға үлкен мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

33-ші мал шаруашылығы саммитіне 120 мыңнан астам адам келеді деп күтілуде. Биылғы конференциялар мен семинарлардың негізгі тақырыбы жайылымдық мал шаруашылығын жүргізуге климаттық сын-қатерлерді талқылау болмақ. Көрме павильондарының жалпы ауданы шамамен 97 мың шаршы метрді құрайды.