Іс-шараны Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің қолдауымен Франциядағы қазақстандық әйелдер қауымдастығы «QazElles» ұйымдастырды.
Абай шығармашылығымен таныс іс-шараға қатысушылар оның өлеңдерін қазақ, француз, қырғыз, итальян, неміс және жапон тілдерінде оқыды, сондай-ақ гитараның сүйемелдеуімен «Көзімнің қарасы» әнін орындады.
Ерекше атмосферада өткен «Абай оқулары» қазақ әдебиетін насихаттауға және әртүрлі жастағы қазақстандықтар мен француздарды жақындастыруға үлкен септігін тигізді.