CNRS президентімен кездесу туралы

CNRS президентімен кездесу туралы

Париж, 2024 жылғы 28 мамыр - Білім және ғылым салаларында екіжақты ынтымақтастықты дамыту аясында Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Францияның Ұлттық ғылыми зерттеулер орталығының (CNRS) президенті Антуан Петимен кездесу өткізді.

Тараптар қазақстандық ғылыми-зерттеу институттарының CNRS-пен ынтымақтастығын нығайту мүмкіндігін және әлеуетті перспективалық бағыттарды талқылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша сұхбаттастар ғылымның түрлі саласында тығыз ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.