Париж, 2024 жылғы 28 мамыр - Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Парижге жұмыс сапарымен келген Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Марат Сырлыбаевпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында сұхбаттастар француз тарапымен халықаралық және республикалық бағдарламалар, атап айтқанда "Erasmus+" шеңберінде бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша француз серіктестерімен әр түрлі бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылық білдірілді.