Мал шаруашылығы мен ет өнеркәсібі саласындағы Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктері кеңеюде

Мал шаруашылығы мен ет өнеркәсібі саласындағы  Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктері кеңеюде

Халықаралық эпизоотиялық бюро Қазақстанға ресми түрде шошқаның классикалық обасынан (ШКО) таза ел мәртебесін берді. Тиісті сертификаттың түпнұсқасы дипломатиялық арналар арқылы Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігіне келіп түсті. Сонымен бірге, бір жыл бұрын Қазақстан шошқалардың африкалық обасынан (ШАО) таза ел мәртебесін алды.

Бұл мәртебелерге ие болу әлемдегі жетекші мамандардың қазақстандық ветеринария қызметін мойындауын және сенімділігін көрсетеді.

ШКО мен ШАО-дан еркін ел мәртебесі отандық мал шаруашылығы саласының дамуына және қазақстандық өнімдерге үлкен сұраныс бар сыртқы нарықтарға экспорттың одан әрі ұлғаюына ықпал етеді. Тиісінше, бұл біздің еліміздің мал шаруашылықтары үшін қосымша бизнес мүмкіндіктерін ашады.