Франциядағы қазақ диаспорасы ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуде

Франциядағы қазақ диаспорасы ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуде
Гинь, 2024 жылғы 29 сәуір - Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Францияда тұратын қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті.
 
Қазақстандық дипломат елдегі жағдай мен жүзеге асырылып жатқан оң өзгерістер жөнінде баяндап, мемлекет тарапынан қандастарды қолдауға арналған бірқатар шаралар туралы айтып берді. Сонымен бірге, шетте тұрып жатқан қандастар үшін қазақ тілі мен мәдениетін дәріптеуге бағытталған жобалармен бөлісті. 
 
Өз кезегінде диаспора мүшелері әртүрлі себептермен атажұртынан алыс болса да, ана тіл мен ұлттық салт-дәстүрлерді сақтайтындарын және оларды кейінгі бұын ұрпақтарға жеткізуді мақсат санайтындарын білдірді. Осы ретте Қазақстан Үкіметі мен Елшілік ұжымы тарапынан қамқорлыққа ризашылықтарын білдірді. 
 
Іс-шара аясында сәбиді «Бесікке салу» рәсімі ұйымдастырылды және алдағы уақытта бірлескен жобаларды іске асыру бойынша пікір алмасылды. 
Жалпы, Франциядағы қандастарымыздың саны шамамен 2000 адамды құрайды. Олар негізінен Париж төңірегіндегі өңірде тұрады.