Стратегиялық минералдар бойынша ынтымақтастық туралы

Стратегиялық минералдар бойынша ынтымақтастық туралы
Париж, 2024 жылғы 11 наурыз - Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Францияның стратегиялық минералдар мен металдармен қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық өкілі Бенжанмин Гальзомен кездесу өткізді. 
 
Сұхбат барысында тараптар Франция Президенті Э.Макронның 2023 жылы Қазақстанға жасаған сапары аясында Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық пайдалы қазбалар бойынша ынтымақтастық туралы бірлескен ниет декларация аясында екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын жан-жақты талқылады. 
 
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар сыни металдар мен сирек кездесетін элементтерді зерттеу және өндіру саласындағы өзара іс-қимылдың әлеуетін бірлесіп жүзеге асыру жөнінде уағдаласты.