
Париж, 2024 жылғы 24 ақпан – Францияда алғаш рет Қазақстан Елшілігінің бастамасымен 60-шы рет өтіп жатқан Халықаралық ауыл шаруашылығы «Salon International de l'Agriculture» (SIA-2024) көрмесінде «Қазақстан» ұлттық павильоны ашылды.
«Qaztrade» АҚ, «Атамекен» ҰКП және «Lactalis Kazakhstan», «Advantage Central Asia», Франциядағы қазақстандық әйелдер қауымдастығының «QazElles» қолдауымен «Lotte Rakhat», «Lepsi organic Honey», «KazIrAgro», «Run organic Kazakhstan» кәсіпорындарының азық-түлік өнімдері, «Global Beverages», «Пасека» және «Каспий Бекіресі Лимитед», сондай-ақ «QazBioPharm» ветеринариялық препараттары ұсынылды. Жалпы, «Made in Kazakhstan» брендімен отандық өнімнің 100-ге жуық атауы таныстырылды.
Стендтің ашылу салтанатына Қазақстанның Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова, Француз-Қазақстан Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Ги Сидос, ФР Сенатындағы «Франция – Орталық Азия» достық тобының мүшесі, сенатор Надия Сологуб, Сыртқы сауда жөніндегі француз кеңесінің президенті, Овернь-Рон-Альпі аймағындағы Қазақстанның Құрметті консулы Софи Сидос, сондай-ақ француз компанияларының, қоғамдық топтардың және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Қазақстан Елшісі ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін қазақстандық экспорттау әлеуеті, ҚР Үкіметі осы саланы дамыту және қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау бойынша қабылдап жатқан шаралар туралы айтып берді. Сонымен қатар, қазақстандық дипломат іс-шара Қазақстан мен Франция Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макронның 2023 жылғы қарашада француз көшбасшысының Астанаға ресми сапары шеңберінде қол жеткізген уағдаластықтарына сәйкес өткізіліп жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде сенатор Н.Сологуб пен Іскерлік кеңестің тең төрағасы Г.Сидос ұлттық стендті ұйымдастырудың уақтылығы мен сапасын атап өтіп, Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін белсенді ілгерілету екіжақты сауда көлемін ұлғайтуға және оның құрылымын әртараптандыруға ықпал ететініне сенім білдірді. Өз тарапынан С.Сидос Сыртқы сауда жөніндегі француз кеңесінің президенті ретінде ұлттық стенд ҚР агроөнеркәсіп әлеуетімен танысуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Ол француз бизнесінің АӨК саласындағы іскерлік байланыстарды дамытуға мүдделілігін білдірді.
SIA-2024 алаңында қазақстандық компаниялардың өкілдері француз және халықаралық серіктестермен байланыс орнатты. Бұл Францияға және еуропалық нарыққа өнімді экспорттау мүмкіндіктері мен тетіктерін талқылауға мүмкіндік берді.
Қазақстандық стенд алаңында ғалым-этнограф, «Қазақы ас. Дәстүр мен дәм» атты кітабының авторы Айгерім Мұсағажинова ұлттық тағамдар мен сусындарды дайындау бойынша бірегей шеберлік мастер-класс өткізіп, ұлттық тағамдары мен мәдениетінің байлығы мен өзіндік ерекшелігін көрсетті.
Қазақстандық өндірушілердің табиғи өнімдері бар павильон Франциядағы ең ірі көрмеге келушілер арасында үлкен қызығушылық тудырады. Олар жоғары сапаны, ерекше дәм мен өндірістің тұрақтылығын атап өтті.
SIA көрмесі ү.ж. 3 наурызына дейін Paris Expo - Porte de Versailles орталығында жалғасады. Осы күндері көрмеге 600 мыңнан астам адам келеді деп күтілуде.
Анықтама: "Salon International de l'Agriculture" Париж халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі 1964 жылдан бері өткізіліп келеді. Ветеринария, құс шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, орман шаруашылығы, мал шаруашылығы, жануарларды бордақылау генетикасы мен технологиялары, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы биоэнергетика мен инновациялық технологияларға арналған бөлімдерді қамтитын ауыл шаруашылығы өндірісінің салаларын қамтиды. 2023 жылы көрмеге 22 елден 1100-ден астам көрме қатысып, оған 600 мыңнан астам адам қатысты.