Парижде тау-кен, металлургия және энергетика салаларындағы қазақстан-француз ынтымақтастығының перспективалары талқыланды

Парижде тау-кен, металлургия және энергетика салаларындағы қазақстан-француз ынтымақтастығының перспективалары  талқыланды

2020 ж. 10 маусымда Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев көлік құралдарына және өнеркәсіптік қажеттіліктеріне арналған аккумулятор батареяларын шығаратын «SAFT» компаниясының Бас директоры Гислен Лекюйемен кездесуді өткізді. 

Қазақстандық дипломат отандық сирек жер металдардың қолдануымен еуропалық автомобиль және аэроғарыш саласы үшін литий-ионды аккумуляторлардың бірлескен өндірісінің мүмкіндігін зерттеу бойынша әлеуетін атап өтті. Компания басшысына Қазақстандағы кобальт-никель кен орындарын игеру және дамыту бойынша нақты инвестициялық жобалар ұсынылды.

Г. Лекюйе өндірістік тізбектерді әртараптандыру аясында компанияның қызығушылығын растап, жақын арада видеоконференция форматында қазақстандық серіктестермен әлеуетті ынтымақтастықтың техникалық және қаржылық аспектілерін талқылауға дайын екендігін білдірді.

Сонымен қатар, «SAFT» Бас директоры бірлескен перспективалық жобалар бойынша келіссөздерді жалғастыру үшін 2020 жылдың күзінде Қазақстанға келуге шақыруды қабылдады.