
Париж, 2020 ж. 10 маусым Орталық Азия елдері үкіметтерінің өкілдері Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) «Орталық Азия елдерінде жеке меншік секторын қалпына келуге жәрдемдесу» атты вебинарына қатысты. Спикерлер қатарына «Да Ауғанстан банкін» басқарушы Аджмал Ахмади, Қырғызстан Экономика министрі Санжар Муканбетов, Монғолия Сыртқы істер министрі Дамдин Цогтбаатар, Тәжікстан Экономикалық даму және сауда министрінің бірінші орынбасары Ашурбой Солехзода, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев, Түрікменстан Қаржы және экономика министрінің орынбасары Мухамметгельды Сердаров және Өзбекстан Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Шухрат Вафаев кірді. Сондай-ақ, кездесуге Франциядағы Қазақстан және Өзбекістан елшілері Жан Ғалиев және Сардор Рустамбаев шақырылды.
Орталық Азия елдері үкіметтеріне қолдау көрсету мақсатында ЭЫДҰ сарапшылары фокустық елдердің күшті және осал жақтарын зерттеп,
COVID-19-дың әлеуетті әсеріне талдау жасады және дағдарысқа қарсы саясат іс-шараларын пысықтауда пайдасы болатын Ұйымға мүше-елдердің тиісті салаларда тәжірибесімен бөлісті[1].
Вебинарды ашқан ЭЫДҰ Жаһандық байланыстар хатшылығының директоры Андреас Шааль COVID-19 әлемдік пандемиясының Орталық Азия экономикаларына әсері елеулі түрде болғанын атап өтті. ЭЫДҰ сарапшыларының ойынша, өңірде сауда айтарлықтай зиян шекті, денсаулық сақтау жүйесі көтеріңкі қысымға шалдығып, тұтыну мен инвестициялар деңгейі қатты төмендеді. Дағдарыс өңірдің маңызды даму факторларына әсер етіп отыр, оның ішінде еңбекші мигранттардан өз жанұяларына ақша аудару, мұнай және минералдардың экспорты, қызмет көрсету секторы. Осыған байланысты, экономиканың барлық саласында цифрландыру және дағдарыстан кейінгі мерзімде ұзақ мерзімді жоспарлаудың маңыздылығы бөлек айтылды.
Орталық Азияда Еуропалық одақтың арнайы өкілі Елші Петер Буриан аймақтық және халықаралық сауданы қолдау, заңның ұлықтылығын күшейту, ШОБ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және инвестицияларды тарту сияқты өңірде іске асырылып жатқан бағдарламалар туралы айтты. Ол сондай-ақ «ЕО аймақтың мықты және сенімді серіктесі болып қалып, елдерді орнықты және «жасыл» экономика құру бойынша жігерін қолдайтынын» растады.
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев Қазақстандағы ШОБ-ты кешенді қолдау бойынша мемелекеттік іс-шаралармен бөлісті, сондай-ақ өңір елдері арасында тәжірибе алмасу маңыздылығын атап өтті. Соның ішінде, ол дағдарысқа қарсы шаралар, оның ішінде бизнес пен агроөнеркәсіптікті қолдау, инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ азаматтардың амандығы үшін 5,9 трлн. тенге бөлінгенін атап өтті.
Қырғызстан мен Монғолия министрлері, сондай-ақ Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері өз елдеріндегі жағдай туралы, өңірлік сауданы қалпына келтіру, инфрақұрылымдық жобаларды жандандыру және экспортты диверсификациялау қажеттілігі туралы баянады.
180-нен астам қатысушылар арасында өткізілген сауалнама да ШОБ-ты салық пен әлеуметтік төлемдерді кейінге қалдыру, қызметкерлерге жалақыны төлеуді субсидиялау және цифрлық технологиялар саласында бастамаларды тарату арқылы қолдау маңыздылығын көрсетті.
Бұл вебинар ЭЫДҰ Еуразия елдері бәсекелестігін арттыру бойынша бағдарлама шеңберінде мамыр-маусым айлары арасында ұйымдастырылатын іс-шаралар топтамасына кіреді. Талқылау Орталық Азия елдерінде коронавирустық дағдарысқа жауап шаралары ұсынылған ЭЫДҰ әзірлеген өңірлік талдамалық жазбахат негізінде жасалған.